фото: instagram.com/rustam_nabiev92. Суретте: Рустем Набиевтің отбасы
Рустам Набиев есімді желі қолданушысы өз әйеліне ерекше сый жасағаны турапы видеоны жариялады.
Рустам Набиев Instagram желісіндегі ресми парақшасында өзінің жұбайы Индира Ильдаровнаны туған күнімен ерекше құттықтағаны көпшілікті таңғалдырды.
"Мен өмірімде біреуді жоғалтып алудан қорқатындай халге жеткім келмеген едім. Бірақ мен сені сүйіп қалдым. Себебі сен әдемі, ақылды, маған мінсіз болғаның үшін емес... Мен өзімді жалғыз сезінбеймін енді.
Біз өте қиын жолдан өттік. Бәрін нөлден емес, тіпті минустан бастадық десе де болады. Бірақ соған қарамастан, осы жылдар бойы сен ешнәрсеге шағымданған жоқсың. Сен жай ғана төзіп, бір күні бәрі жақсы болады деп сендің.
Және біз жеттік! Бүгінде бізде бар нәрсенің бәріне бірге жеттік. Иә, кей кезде бұл өмірімізге де қауіп төндірді. Бірақ сенің махаббатың менің құлатпады. Туған күніңмен, менің шабытым", – деп жазды Рустам Набиев.