"Жүдеп кетіпті": Жүрсін Ерманның желіде тараған суреті жұртты шошытып жіберді (ФОТО)

"Жүдеп кетіпті": Жүрсін Ерманның желіде тараған суреті жұртты шошытып жіберді (ФОТО)

фото: instagram.com/shalkarbaiizbasarov. Суретте: Жүрсін Ерман мен Шалқарбай Ізбасаров

Ақын Шалқарбай Ізбасаров айтыстың аңызы Жүрсін Ерманның шаңырағына арнайы барып, сәлем берді.

Шалқарбай Ізбасаров Instagram желісіндегі ресми парақшасында Жүрсін Ерманға арнайы сәлем бере барғанын жазып, бірге түскен фотосын жариялады.

"Алаштың абызы, аңыз адам Жүрсін Ерман ағамызға сәлем беріп, батасын алып қайттым бүгін... Аман жүріңіз, қазақ айтысының реформаторы", – деп жазды Шалқарбай Ізбасаров.

Бұл фотоны көрген желі қолданушыларының көбі айтыстың абызы Жүрсін Ерманға денсаулық тіледі. 

"Жүдеп кетіпті", "Жүрсін Ерманға амандық тілейміз", "Айтыс өнерінің абызы", "Өзіңізге амандық тіледім", – деп жазды желі қолданушылары.