Қуандық Бишімбаев рақшылыққа іліне ме?

Қуандық Бишімбаев рақшылыққа іліне ме?

фото: NUR.KZ / Алена Бутенко

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Қуандық Бишімбаевтың рақымшылыққа ілігу ықтималдығына қатысты қоғамда туындаған сұрақтарға жауап берді. 

«Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілінбейді. Рақымшылыққа, мысалы, жол апатына кінәлі адамдар ілінуі мүмкін. Бірақ депутаттар қылмыстың қандай түрі болмасын, егер адам өлімі болса, рақымшылық қолданылмауы керек деген ұстанымды қолдады», – деді Шындалиев.

Бишімбаев ісі: не белгілі?

Экс-министр Қуандық Бишімбаев өзінің азаматтық некедегі жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен өлтірді деген айыппен 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, оның туған інісі Бақытжан Байжанов бұл іске байланысты 4 жылға сотталды.

Қуандық Бишімбаев ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде жазасын өтеуде. Бұған дейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) оның жұмысқа тартылмағанын, себебі қолайлы жұмыс орнының әлі бос емес екенін мәлімдеген болатын.

Отбасылық мәселе: сот балаларына қатысты шешім шығарды

2024 жылдың 12 қарашасында апелляциялық сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы оның бұрынғы жұбайының шағымын қарады. Сот мәліметінше:

  • Бишімбаев балаларының тегін өзгертуге қарсы болмаған;
  • Дегенмен, оны ата-ана құқығынан айыру туралы талап қанағаттандырылмады.