фото: "Зенит" футбол клубының ресми сайты. Суретте: Нұралы Әліп
Санкт-Петербургтің "Зенит" футбол клубының бас бапкері Сергей Семак команданың жаңа ойыншысы – бразилиялық Жерсон Сантосты таныстыру барысында бір қызық жайтты атап өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Жаттықтырушы қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліпке енді командаға жаңадан қосылған футболшыларды "дәстүрлі" тәсілмен – құйрығынан тебу арқылы қарсы алуға тыйым салынғанын мәлімдеді.
Айта кетейік, "Зенит" футбол клубы Жерсонды өз қатарына қосу үшін 25 миллион еуро жұмсаған қаражт жұмсаған.
Бұған дейін Нұралы Әліптің жаңа ойыншыларды командалық дәлізде құйрықтарынан тебуі клуб ішінде әзілімен танылған бір дәстүрге айналған еді. Енді бұл "салтанатты қарсы алу" рәсімі ресми түрде тоқтатылды.