"Қартайғанда қылық шығарды": Қыдырәлі мен Қарақаттың құшақтасқан видеосы жұрттың ашуына тиді

"Қартайғанда қылық шығарды": Қыдырәлі мен Қарақаттың құшақтасқан видеосы жұрттың ашуына тиді

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина

Әлеуметтік желілерде танымал өнер иелері Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның бір-біріне жылы сезім білдіріп, құшақтасқан видеосы тарап, көпшіліктің пікірін қақ жарып жатыр.

Бейнежазбада жұбайлар арасындағы махаббат пен жақындықты көрсететін сәт көрініс тапқан. Дегенмен, желі қолданушыларының кейбірі бұл әрекетті ерсі санап, қоғам алдында мұндай ашықтықты орынсыз деп бағалаған. "Ұят-ай", "Қартайғанда мұндай бола ма екен?" деген сын пікірлер де айтылды.

Ал керісінше, бір топ желі қолданушысы бұл – ерлі-зайыптылар арасындағы шынайы сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі екенін айтып, қолдау білдіріп жатыр. "Несі масқара? Бұл – махаббат", "Керемет жұп, жарасады" деген жағымды пікірлер де аз емес.