"Аяғы ауыр сияқты, іші шығып қалыпты": Аша Матай мен күйеуі не жасырып жүр? (ВИДЕО)

"Аяғы ауыр сияқты, іші шығып қалыпты": Аша Матай мен күйеуі не жасырып жүр? (ВИДЕО)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Танымал әнші Аша Матай мен жолдасы Арман Қоңырбаевтың бірге түскен видеосы көпшіліктің қызу талқысына түсті.

Аша Матай Instagram желісіндегі ресми парақшасында жолдасымен бірге түскен видеосын жариялап, сезім мен махаббатқа толы сөздерін арнады.

"Баршаңызға өз жартыңызды тауып, бақытты болуды тілеймін. Шынайы махаббат, адалдық пен түсіністік әрдайым жолдасыңыз болсын!" – деп жазды Аша Матай.

Желі қолданушылары Аша Матайдың видеодағы кейпіне қарап, оның аяғы ауыр ма деген болжам жасап, пікірлерін қалдырды. Бірі "Аяғы ауыр сияқты" десе, енді бірі "Құтты болсын!" деп тілегін білдіріп жатыр. Сонымен қатар, жұптың жарасымдылығына тәнті болған көпшілік "ең әдемі жұп" деп жылы лебіздерін жаудырды.