"Татуласты": Шерзат ісінде басы бір қазанға сыймаған адвокаттар татуласты (ФОТО)

"Татуласты": Шерзат ісінде басы бір қазанға сыймаған адвокаттар татуласты (ФОТО)

фото: instagram/zhan_ahmadiev

Бұған дейін әлеуметтік желіде заңгерлер Бағдат Амандосұлы мен Мейірман Шекеевтің арасында келіспеушілік болғаны туралы ақпараттар тараған болатын.

Алайда соңғы уақытта бұл жағдай өзгеріп, қос азаматтың қайта татуласқаны белгілі болды. Қоғам белсендісі Жан Ахмадиев Instagram парақшасында қос заңгердің ортақ іс-шарада кездесіп, бұрынғы өкпе-ренішті ұмытып, қайта құшақтасқанын жазды:

"Таумен тау жолықпас, адаммен адам жолығады. Араға уақыт, қашықтық, реніш түссе де – шынайы адамдар қайта жолығады", – деп бөлісті Жан Ахмадиев.

Бұл жаңалықты желі қолданушылары жылы қабылдап, заңгерлердің татуласуына қуаныш білдіріп жатыр. Пікірлер арасында:

"Қуанып кеттім ғой Мейірман мырза мен Бағдат мырзаның құшақтасып тұрғандарын көріп", "Сіздер бірге болсаңыздар халықтың мұң-мұқтажы шешіле береді", "Жаңа Қазақстанның бес арысы", – деген лебіздер көптеп айтылды.