фото: видеодан скриншот. Суретте: Толқын Забирова
Танымал әнші Толқын Забирова осы уақытқа дейін әкесін көрмегенін айтып, сұқбат барысында жылап қалды.
Әкесін көрмегенін айтып, көзіне еріксіз жас алған өнер иесі өз естелігін айтып, көпшіліктің де көңіліне кірбің түсірді. Бұл туралы ол Khabar арнасындағы "Алғашқы" бағдарламасында айтты.
"Мен өзімді әкесіз өстім, бірнәрсе жетпеді деп еш уақытта айта алмаймын. Қасымда әрдайым анам, әжем болды. "Менің әкем қайда?" деп анамнан сұрағанда, "ол қайтыс болды" деп жауап берген еді. Сөйтсем, ол кісі әлі тірі екен",- дейді өнер иесі.
Сондай-ақ ол анасының жалғыз қызы екенін және әкесінің есімін білгенімен, бірақ тегін білмейтінін ашып айтты.
"Бұл тақырып анама ауыр тиеді. Сондықтан мұны одан ары қозғағым келмейді", - деді көзіне жас алды Толқын Забирова.