Бүгін Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерін өткізеді

Бүгін Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов кәсіпқой бокстағы жекпе-жектерін өткізеді

фото: olympic.kz. Суретте: Сәкен Бибосынов пен Хасанбой Дусматов

Бүгін, 20 шілдеде Бішкек қаласында өтетін халықаралық бокс кешінде Олимпиада жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой бокстағы тұңғыш жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Оның қарсыласы – филиппиндік Кристиан Леган. Бүгін қос боксшы Бішкек төрінде кім мықтыны анықтайды. Сәкен Бибосыновтың қарсыласы Кристиан Леган кәсіби мансабында 10 кездесу өткізіп, оның 4-інде жеңіске жетіп, 3 кездесуді тең аяқтаған. Тек бір рет жеңіліс тапқан тәжірибелі боксшы Сәкен Бибосыновқа лайықты қарсылас болмақ.

Сонымен қатар осы бір ауқымды кеште Қырғыз елінің бокс тарихында алғаш рет Олимпиада жүлдесін еншілеген Мұнарбек Сейітбекұлы да кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Уганда елінің өкілі Коннрад Серуенге болмақ. Қарсыласы осы уақытқа дейін 14 жекпе-жек өткізіп, 9-ында жеңіске жетсе, 5 кездесуде жеңіліс тапқан.

Кештің басты жекпе-жегінде екі дүркін Олимпиада чемпионы деген атағы бар өзбекстандық Хасанбой Дусматов өнер көрсетеді. Ол кәсіпқой бокстағы жетінші кездесуін өткізгелі отыр. Бұл жолы ол филиппиндік Ричард Ласпонаға қарсы кездесу өткізеді.

Айта кетейік, Бішкек қаласындағы осы бокс кеші Bishkek Arena спорт кешенінде өтеді.