фото: Lars Baron/Getty Images. Суретте: Хитоми Обара
Жапониялық танымал балуан Хитоми Обара өмірден озды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі United World Wrestling-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Әйгілі спортшы 44 жасында қайтыс болды. Қайтыс болу себебі жарияланған жоқ. Ол Жапония құрамасында жаттықтырушы болып жұмыс істеп жүрген еді. Артында екі баласы қалды.
Хитоми Обара спорттық мансабында көптеген жетістікке жеткен. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарында 48 келі салмақта чемпион атанды. Сондай-ақ осы салмақта екі рет әлем чемпионы болды. Жапониялық спортшы тағы алты әлем чемпионатының алтын медалін 51 келі салмақта жеңіп алды.
Спорттық мансабы кезінде Обара депрессия және булимиямен күрескен. Спорттан кеткен соң, ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасына дайындық барысында ұлттық құраманың жұмысына көмектесті. 2022 жылы Обара United World Wrestling ұйымының Даңқ залына енгізілді.