Батыс Қазақстанда өрттен қаза болған бес баланың ата-анасының айлық табысы қанша болған?

Батыс Қазақстанда өрттен қаза болған бес баланың ата-анасының айлық табысы қанша болған?

фото: Видеодан скриншот

11 маусым күні Батыс Қазақстан облысында орын алған қасіретті оқиға бүкіл елді дүр сілкіндірді. Өрт салдарынан 5 бала көз жұмған отбасының әлеуметтік жағдайына қатысты мәліметтерді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлім етті.

Вице-министрдің айтуынша, бұл отбасы:

  • Көпбалалы отбасы ретінде тіркелген;
  • 1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы алып отырған;
  • Жалпы көлемде 134 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы алған.

Сонымен қатар, отбасының әкесі жұмыс істеген, оның жалақысы шамамен 190 мың теңгені құраған.

«Отбасындағы жан басына шаққандағы орташа табыс көлемі – 47 мың теңге. Олар жергілікті атқарушы органдарға көмек сұрап жүгінбеген», – деді Виктория Шегай.