"Жүрек қалауымен емес": "Қалаулымды" жүргізген қыз күйеуін әбден қинады (ВИДЕО)

"Жүрек қалауымен емес": "Қалаулымды" жүргізген қыз күйеуін әбден қинады (ВИДЕО)

фото: instagram/diana_skatova. Суретте: Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбеков

"Қалаулым" жобасының бұрынғы жүргізушісі Диана Скатова өзінің күйеуімен видео түсіріп, көпшіліктің жылы пікіріне ие болды.

Тележүргізуші Диана Скатова Instagram желісіндегі ресми парақшасында күйеуі Сұлтан Нұрбековпен әзіл форматында түскен видеосын жариялады. 

"Жүрек қалауымен емес, тыныш өмір қалауымен түскен видеосы", – деп жазды Диана Скатова.

Видеодағы табиғи эмоция мен жұптың жарасымды қарым-қатынасы желі қолданушыларының көңілінен шығып, жылы пікірлерге толы болды:

"Әдемі жұп, бақытты болыңдар!", "Тфай-тфай!", "Алла тіл-көзден сақтасын!", "Шынайы эмоция! Өте жарасымды жұп!", "Жолдасымды да дәл солай әзер күлдіріп видеоға түсірем", – деп жазды оқырмандар.