"Пах, пах, пах!": ең жас әлем чемпионы Дубайда демалып жүргенін көрсетті (ФОТО)

"Пах, пах, пах!": ең жас әлем чемпионы Дубайда демалып жүргенін көрсетті (ФОТО)

фото: instagram/tashkenbay_sanzhar. Суретте: Санжар Тәшкенбай

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Санжар Тәшкенбай әлеуметтік желідегі парақшасында Дубайда түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Әлем чемпионы деген атағы бар Санжар Тәшкенбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында Дубайда түскен суреттерін жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары Санжардың жаңа образы мен шетелдегі серуенін жоғары бағалап, пікір қалдыруға асықты. Көпшілік:

"Аман бол, чемпион!", "Сен сияқты чемпион боламын, Құдай қаласа", "Краш досым", "Әлемді ұтып алған адамдай тұрсың, бауырым" – деп жылы лебіз білдірді.

Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай 2023 жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында алтын медаль еншілеген. Ол кезде ол 20 жаста болатын. Сондай-ақ ол 2021 жылы Кельце қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында, 2022 жылы Амманда өткен Азия біріншілігінде топ жарған.