"Жүректегі ең жақсы сурет": Уәлибек Әбдірайымов немерелерімен қайда демалып жүр? (ФОТО)

"Жүректегі ең жақсы сурет": Уәлибек Әбдірайымов немерелерімен қайда демалып жүр? (ФОТО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Уәлибек Әбдірайымов

Танымал әзілкеш Уәлибек Әбдірайымов әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше сурет жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Уәлибек Әбдірайымов Instagram желісіндегі ресми парақшасында немерелерімен түскен суретін жариялады.

"Болашақты тәрбиелей отырып, елді нығайтамыз! Немеремен өткен күн – жүректегі ең жақсы сурет", – деп жазды Уәлибек Әбдірайымов.

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып, сәтті кадр мен отбасы құндылығына тәнті болды:

"Айналайын, алтын аға, аман жүріңіз", "Ұрпақтарыңыздың қуанышына бөлене беріңіз", "Қазақ азаматының жанұясымен шетел аралап жүргеніне шын қуаныштымыз" деп жазды олар.