Бауыржан Исламханға Қазақстандағы тек қазақтар ойнайтын клубтан ұсыныс түсті

Бауыржан Исламханға Қазақстандағы тек қазақтар ойнайтын клубтан ұсыныс түсті

фото: kff.kz. Суретте: Бауыржан Исламхан

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан қызылордалық "Қайсар" клубынан ресми түрде ұсыныс алды, деп Sportinside.kz тілшісі Instagram желісіндегі "Спорт Министі" парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қайсар" футбол клубының жетекшісі Талғат Әбдіғаппарұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі футболшы Бауыржан Исламханмен кездесіп, оған:

"Клуб сізді өз құрамында көргісі келеді", – деген ұсыныс жасағанын жазды.

"Қайсар" осы маусымда тек қазақ футболшылармен ойнап келеді. Қазіргі таңда команда құрамын отандық мықты ойыншылармен толықтыруда.

Айта кетейік, Бауыржан Исламхан қазіргі уақытта түркістандық "Тұран" клубына тиесілі. Алайда жарақатына байланысты биылғы маусымда әлі бірде-бір ойынға шыққан жоқ. Оның толық қалпына келу мерзімі мен "Қайсарға" нақты қосылатын-қосылмайтыны әзірге белгісіз.