"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды": Тұрсынбектің әйелі жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды": Тұрсынбектің әйелі жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желіде көпшілікті елең еткізетіндей видео жариялады.

Белгілі продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасына видео жариялап, көпшіліктің талқысына түсті.

"Кешірші десең де, жүрек бұрынғыдай соқпайды. Жара жазылса да, ізі қалады. Жүрек бәрін ұмыта алмайды. Себебі ол енді бұрынғы емес", – деп жазба қалдырды Мөлдір Мұқанова.

Еске сала кетейік, Мөлдір Мұқанова бұған дейін өмірден озған анасының бейнесін жасанды интеллект арқылы жандандырған болатын. Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде өзінің қызымен бірге видео жариялаған еді.

Бұдан кейін Мөлдір Мұқанова Instagram желісіндегі ресми парақшасында оқырмандарына мотивация беретін жазба қалдырған.