Қазақ спортшысы қарсыласын бір шапалақпен есінен тандырып тастады (ВИДЕО)

Қазақ спортшысы қарсыласын бір шапалақпен есінен тандырып тастады (ВИДЕО)

фото: powerslap. Суретте: Закир Найманбаев

Қазақстандық Закир Найманбаев Power Slap 14 турнирінде өнер көрсетті. Бұл турнир АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында UFC президенті Дана Уайттың лигасында өтті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Закирдің қарсыласы америкалық Купер Хаусли болды. Бірінші болып Хаусли шапалақпен соққы жасаған, алайда Закир Найманбаев оны тік тұрып көтере алды. Ал өз кезегінде қазақстандық спортшы қарсыласын дәл соққымен бірден есінен тандырып, нокаутқа түсірді.

Закир Найманбаев Power Slap ұйымындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін ол тек бір мәрте ереже бұзғаны үшін дисквалификация алған.

Айта кетейік, Power Slap 14 турнирі UFC 318 кешінің алдында өткен ауқымды спорттық іс-шаралардың бірі болды.