2025 жылдың 18 шілдесінде кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің өгей қызы Айару Бақытбекке сәнді сыйлық жасап, желі қолданушылары арасында қызу пікір туғызды.
TikTok желісінде тараған видеодан сұр түсті Porsche маркалы көліктің сыйланғаны көрінеді. Алайда кей желі қолданушылары Айарудың аса қуану эмоциясын көрсетпегенін айтып, түрлі пікір қалдырған.
Бейнекөріністе қымбат көліктің есігі ашылып, Айару көлікке қарай беттеген сәті түсірілген. Бұл жайт әлеуметтік желіде кең талқыланып, жұрттың бір бөлігі оның сабырлы мінезін атап өтсе, енді бірі бай отбасында өскен балалардың эмоциясы онша байқалмайтынын алға тартты.