"Сені сағынғаннан емес…":  әкімнен ұлы барын дәлелдей алмай жүрген әйел жан сырын ақтарды

"Сені сағынғаннан емес…": әкімнен ұлы барын дәлелдей алмай жүрген әйел жан сырын ақтарды

фото: ашық дереккөзден

Экс-депутат Ынташ Наурызова TikTok парақшасында жеке өміріне қатысты жазба жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Жазбасында ол Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаевқа арнау ретінде жан сырын ақтарған.

"Ең болмаса, бізді елдің талқысына жалғыз қалдырмай, қиыншылықтан алып шықшы деп едім. Ақыры өзімшілдігің бізді осы күнге жеткізді, Нұрдәулет...
Сені сағынғаннан емес, саған сенгенім үшін көз жасым құрғар емес", – деп жазды Наурызова.

Аталған жазбадан кейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туды. Қоғамда бұл жағдайға қатысты түрлі көзқарастар айтылып жатыр.