Тимофей Скатов – қазақ тенисшісі (биография, мансабы, өмірбаяны, жетістіктері)

Тимофей Скатов – қазақ тенисшісі (биография, мансабы, өмірбаяны, жетістіктері)

фото: olympic.kz. Суретте: Тимофей Скатов

Тимофей Дмитриевич Скатов (21 қаңтар 2001 жылы туған, Петропавл қаласы) – Қазақстан атынан өнер көрсететін кәсіби теннисші. Ол 2018 жылға дейін Ресей азаматтығында болды, кейін Қазақстанның намысын қорғауға шешім қабылдады.

Жеке ақпарат:

  • Туған күні: 21 қаңтар 2001 жыл
  • Туған жері: Петропавл, Қазақстан
  • Жүлде қоры: $913,835
  • Ең жоғары рейтингі: ATP №123 (11.09.2023)
  • Үздік нәтижелері: 2 Challenger, 3 ITF титулы

Жасөспірім шағындағы жетістіктері

  • Кремль кубогының екі дүркін чемпионы (2014, 2015)
  • 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы Дэвис кубогының жеңімпазы (Ресей құрамасында)
  • 2017 жылы 16 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы
  • US Open жасөспірімдер жарысының жартылай финалисі (2017)
  • ITF юниорлық рейтингінде 5-орын

Кәсіби мансабы

Тимофей 2022 жылы Австралия ашық чемпионатына алғаш қатысып, алғашқы айналымда Норберт Гомбошқа жол берді. 2023 жылы Франция ашық чемпионатында (Ролан Гаррос) негізгі айналымға жолдама алып, Григор Димитровқа есе жіберді. Сондай-ақ 2023 және 2024 жылдары АҚШ ашық чемпионатына қатысты.

Қазақстан атынан өнер көрсетуі

2018 жылдан бастап Қазақстан атынан ресми түрде өнер көрсетеді. 2023 жылы еліміздің екінші ракеткасы атанды. Қазақстандық теннисті әлемдік ареналарда танытып жүрген дарынды спортшы.