фото: Chris Unger/Zuffa LLC. Суретте: Бекзат Алмахан
UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Бекзат Алмахан ағылшын тілінде сөйлеп, көпшілікті таңғалдырды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Әлеуметтік желіде тараған видеода қазақ жауынгері Бекзат Алмаханның ағылшын тілінде еркін сөйлеп отырғаны көрсетілген. Сонымен қатар ол жанындағы басқа да жігіттермен ағылшын тілінде сөйлесіп, диалог құрады. Сондай-ақ бұл видеодан Бекзат Алмаханның қасында файтер Азат Мақсұмның да отырғанын байқауға болады.
Айта кетейік, Бекзат Алмахан UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 11 мамырда Брэд Катонаға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Қазіргі уақытта Бекзат Алмахан өз мансабында 14 жекпе-жек өткізіп, 12 мәрте жеңіске жетсе, 2 рет жеңіліс тапқан.
UFC жауынгері Бекзат Алмаханның өмірбаяны мен мансабы туралы деректі осы сілтемеден оқи аласыздар.