фото: әлеуметтік желіден
Желіде белгілі актер Аян Өтепбергеннің жас актриса қызбен құшақтасып тұрған сәті бейнеленген видео таралып, қызу талқыланып жатыр.
Көпшілік бұл әрекетке түрлі көзқарас білдірді. Кейбір желі қолданушылары бұл жағдайды өнер аясында қалыпты дүние деп есептесе, енді бірі отбасылы азамат үшін мұндай мінез-құлықты орынсыз деп сынады.
Пікір қалдырғандардың арасында:
"Күйеуің әртіс болмасын деген осы..."
"Өнер адамы болған соң түрлі түсірілім болады"
"Қыз да кетәрі емес сияқты ғой"
"Әйелі кімге тұрмысқа шыққанын білген шығар"
"Әртіс деген аты айтып тұр ғой", – деген жазбалар кездесті.
Айта кетейік, актер Аян Өтепберген жуырда ғана әке атанған болатын.