фото: olympic.kz. Суретте: Исхар Құрбаев
Қазақстанда күрес – спорттың маңызды әрі тарихи түрі. Бұл салада ел намысын қорғап жүрген жаңа есімдер көптеп шығып келеді. Sportinside.kz тілшісі жақын болашақта әлемдік аренада көзге түсетін жас балуандар туралы қысқаша шолу ұсынады.
Исхар Құрбаев (грек-рим күресі)
– 2023 жылы жастар арасында әлем чемпионы (U23) атанды (55 кг)
– 2025 жылы Вьетнамда өткен Азия чемпионатында 60 келіде алтын жеңіп алды
Ислам Евлоев (грек-рим күресі)
– 2024 жылы Испанияда өткен әлем чемпионатының (U20) жеңімпазы (82 кг)
– Финалда түрік балуаны Алперен Берберді 9:3 есебімен ұтты
Арсен Жұма (грек-рим күресі)
– 2022 жылы Италиядағы әлем чемпионатында (U17) қола медаль
– 2024 жылы Таиландта Азия чемпионатының күміс жүлдегері
Едіге Қасымбек (еркін күрес)
– 2024 жылы Иорданияда әлем чемпионатында (U17) күміс медаль
– 2025 жылы Бішкекте өткен Азия чемпионатының алтын иегері (110 кг)