"Кеткен еркек оралмайды": Тұрсынбектің әйелі бейтаныс еркекпен көзге түсті (ВИДЕО)

"Кеткен еркек оралмайды": Тұрсынбектің әйелі бейтаныс еркекпен көзге түсті (ВИДЕО)

фото: видеодан скриншот

Белгілі тележүргізуші әрі қоғам белсендісі Мөлдір Мұқан Instagram желісінде бейтаныс ер адаммен түскен видеосын жариялап, жүрек тебірентер жазбасымен бөлісті.

"Бұл жай ғана видео. Бұл жай ғана өнер. Бірақ, біреулер үшін – шын өмір! Бірақ, бәрібір сүйеміз. Сенеміз! Тағы да байқап көреміз. Өйткені жүрек қорықса да, үміттенуден ешқашан шаршамайды", – деп жазды ол.

Видео мен жазба көпшіліктің қызу пікіріне себеп болды. Кейбірі жеке өмірін жариялауды артық деп тапса, енді бірі оны жаралы жүрекке сенім мен үміт сыйлаған образ деп бағалады.

Пікірлерден үзінді:
– Сөздері қандай керемет, еріксіз көзге жас келеді екен…
– Өмір осылай ғой, сүйіп қосыласың, бірақ кейін бәрі өзгереді
– Тұрсынбек ағамыз не дейді екен? Жеке өмір емес пе бұл?