фото: olympic.kz. Суретте: Талғат Орынбасар
2025 жылғы 25-27 шілде аралығында Ұлан-Батырда өтетін дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ерлер құрамы:
- 60 кг дейін: Талғат Орынбасар, Нұраділ Әлжан
- 66 кг дейін: Ержан Еренғайыпов, Бауыржан Нарбаев
- 73 кг дейін: Саят Сейітқалиев
- 81 кг дейін: Мейіржан Жұмабек
- 90 кг дейін: Ермахан Әнуарбеков
Әйелдер арасында:
- 52 кг дейін: Толғанай Әбеуова
Еске сала кетейік, турнир олимпиадалық рейтингке ұпай беретін маңызды дода саналады.