"Денесі адам танымастай": Күйеуі жылқыға байлап өлтірген әйелдің туыстары шындықты айтты

"Денесі адам танымастай": Күйеуі жылқыға байлап өлтірген әйелдің туыстары шындықты айтты

фото: ozgeris.info

Жетісу облысында 32 жастағы Айзат Жұманованы айуандықпен өлтірді деген күдікпен оның күйеуі ұсталды.

Марқұмның жақындарының айтуынша, Айзаттың денесі танымастай күйге түскен: беті көгеріп, қол-аяғының терісі сыдырылып, басы жарақаттанып, сүйектері сынған.

"Басын ашқанда, бет-аузы қап-қара боп кеткен. Шашы су болған, қоқымға толып қалған", – дейді анасы Сәуле Жұманова.

Туыстары тергеудің жеңіл баппен жүргізіліп жатқанына алаңдаулы. Олар бұл істі аса ауыр қылмыс ретінде қарастырып, күдіктіге ең қатал жаза қолдануды талап етіп отыр.