Ақтөбеде өткен жауапты матчта жергілікті "Ақтөбе" командасы Польшаның «Легия» клубына 0:1 есебімен есе жіберіп, Еуропа лигасының іріктеу кезеңінен шығып қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Екі матчтың қорытындысы бойынша "Ақтөбе" футбол клубы 0:2 есебімен есе жіберіп алды.
"Ақтөбе" енді Еурокубоктық жолын УЕФА Конференция лигасында жалғастырады. Команда келесі кезеңде Праганың "Спарта" клубымен кездеседі.