Танымал тележүргізуші әрі блогер Динара Сәтжан жұрттың назарынан тағы да тыс қалмады. Жақында кәсіпкер Жұмабек Жанықұловпен шаңырақ көтеріп, ел талқысына түскен Сәтжан бұл жолы әлеуметтік желідегі биі мен ашық образы арқылы сынның астында қалды.
Желі қолданушылары Динараның биін "орынсыз", ал киім стилін "артық кеткен" деп бағалап, пікірлерін ашық білдіріп жатыр. Кейбіреулер оны тіпті "мысықтың ұрғашысына" теңеп, жасанды сұлулық пен сәнқойлықтың шегі бар екенін ескерткен.
"Табиғи сұлулық жоқ, бәрі күтім мен ақшаның күші", "Бұрынғы салмақтылық қайда қалды?", "Қазақ қызына лайықты бейне емес" – деген сыни пікірлер жиі кездесуде.