Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы – Алау Нұртас кезекті концерттердің бірінде әкесінің қолынан ұстап сахнаға шықты. Алайда бұл сәт әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шықпады.
Желі жұртшылығының наразылығына Алаудың сахнада қолына телефон ұстап шығуы себеп болған. Көпшілік бұл әрекетті мәдениетсіздікке балап, сахна мен көрерменге құрметсіздік деп бағалады.
– "Телефонды бірінші рет көргендей",
– "Сахнада әкесінің жанында тұрып видео түсіру ұят емес пе?",
– "Қызы да Қайратпен видеоға түсіп өліп бара жатыр ғой",
– "Қызы сахнаға шыққаны жақсы, әрине. Бірақ сахна мәдениеті қайда қалды?",
– "Қосылып ән айтса жарасар еді, ал жай тұрып түсіре беру – көрерменді менсінбеу" – деген секілді сыни пікірлер жазылды.
Айта кетейік, бұған дейін Алау Нұртас өзіне тек "Қайраттың қызы" деп қарайтындарға реніш білдіріп, ондай адамдармен суретке түскісі келмейтінін мәлімдеген болатын.