"Осы күзде...": Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет қайта қосылмақшы (ВИДЕО)

"Осы күзде...": Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет қайта қосылмақшы (ВИДЕО)

фото: әлеуметтік желіден. Суретте: Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет

Танымал актер Дәурен Айдарқұлов бұрынғы жары, әнші Ақбота-Нұр Сейтмағамбетпен қайта қосылуы мүмкін екенін астарлап жеткізді. Бұл мәлімдеме көпшіліктің назарын аударып, әлеуметтік желіде қызу талқылануда.

Актер өзінің Instagram парақшасында атақты голливуд актері Роберт Де Ниромен «әңгімелесіп» отырған бейнемонтаж жариялаған. Бейнероликте ол:

"Есіңде ме, 2016 жылы Ақботаға үйленгенімде бүкіл ел шулап еді ғой? Осы күзде тағы сондай "у-шуды" қайталағым келіп отыр", – дейді.

Бұл видео жұртты елең еткізбей қойған жоқ. Тағы бір қызық жайт – Ақбота-Нұрдың өзі бұл жазбаның астына пікір қалдырып, қолдау білдірген.

Көпшілік мұны «қайта қосылуға жасалған ишара» деп қабылдап, түрлі болжамдар айтуда. Желі қолданушыларының бірі: "Бәрі реттеліп, қайта жарасады екен" деп үміттенсе, енді бірі: "Тағы бір PR науқан басталып жатқан сияқты" деген пікір білдірген.