"1-2 тиын түссе, қатынын менсінбей кетеді": танымал әзілкеш ажырасу туралы шындықты айтты (ВИДЕО)

15 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Арсен мен Мереке

Танымал әзілкеш әрі блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу тақырыбына қатысты ашық жазба жариялап, үш баламен жалғыз қалудың ауыртпалығын бөлісті. 

Жайдарман алаңынан танылған өнер иесі ер адамдардың кейде материалдық жағдай жақсарғанда түбегейлі өзгеріп кететінін айтып, өз жан күйзелісін жеткізді.

"Үш баламен ажырасу, жалғыз қалу – өте ауыр, өте қиын. Сенген адамыңнан қолдау көрмеу – жанды жаралайды. "Астыңдағы атыңа сенбе, қойныңдағы қатыныңа сенбе" деген мақалмен келіспеймін. Керісінше, әйел ері үшін барын салып, бар мен жоқта қасында болады. Ал кейбір еркектердің қолына 1-2 тиын түссе, бұрынғы әйелін менсінбей кетіп, тіпті көзіне шөп салуға дейін барады", – деп жазды ол.

Тэгтер:

Мереке Қалбаева