"Барселона" клубы мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Ламин Ямаль өзінің туған күнін жасаймын деп басы дауға ілікті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Футболшы 18 жасқа толған кешінде орын алған жағдайға байланысты сынға ұшыраған. Туған күн кешіне бойы аласа адамдардың (карликтердің) қатысуы қоғамда наразылық туғызған. Осыған байланысты ахондроплазия мен басқа да қаңқалық дисплазиялары бар адамдардың қауымдастығы Ямальді сынға алды.
"Қауымдастық Ламин Ямаль ұйымдастырған кеште карликтерді ойын-сауық үшін жалдағанын айыптайды. Біз бұл әрекетке құқықтық және қоғамдық деңгейде шара қолданамыз", – делінген ұйымның мәлімдемесінде.
Айта кетейік, 2025 жылдың маусым айында беделді Transfermarkt порталы Ла Лига футболшыларының нарықтық бағаларын жариялаған болатын. Сол кезде Ламин Ямаль бүкіл әлем ойыншылары арасында ең қымбат футболшы атанған.