"3 миллион теңгеге тісін емдеткен": Перизат Қайрат қайырымдылық ақшасын қай жерлерге жұмсаған?

14 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Перизат Қайрат

Перизат Қайратқа қатысты Астанада өтіп жатқан басты сот процесінде оның қайырымдылық атымен жиналған қаржыны қалай пайдаланғаны белгілі болды. 

Айыптау актісін жариялаған прокурор Мадина Оразалинаның сөзінше, Перизат Қайрат 2021 жылдың 28 желтоқсанында рекреациялық орталық салуға жиналған қаржы есебінен Capital Rent a Car компаниясынан Toyota Camry маркалы автокөлікті 600 мың теңгеге жалға алған. Бұл қаражат қоғамдық бірлестіктің ForteBank-тегі шотынан төленген.

Үш күннен кейін, яғни 31 желтоқсанда Қайрат анасы Ғайни Алашбаевамен бірге Астанадан Дубайға аттанған. 2022 жылдың 13 қаңтарына дейін олар БАӘ-де демалып, такси, мейрамхана және FlyDubai ұшақ билеттеріне 1 587 057 теңге жұмсаған.

Тергеу материалдары бойынша, Перизат Қайрат пен анасы алдын ала келісіп, қайырымдылыққа сенген азаматтарды алдау арқылы 21,6 миллион теңге иемденген. Бұл сома мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салу сылтауымен жиналған.

Прокурордың айтуынша, Перизат Қайрат адамдардың мүгедек балаларға көмектесуге бейілділігін байқағаннан кейін, бұл тәсілді жүйелі алаяқтық схемасына айналдырған. Ол ірі компанияларға хат жолдап, жалған есептер мен презентациялар арқылы сенім ұялатып, ақша жинаған.

Алайда прокурордың айтуынша, бұл қаражаттардың ешқайсысы тікелей аталған мақсаттарға жұмсалмаған, бәрі жеке қажеттіліктерге кеткен.

2023 жылдың жазында Қайрат Central Asia Fest деген жалған мәдени шараны ұйымдастырғанын жариялап, тағы да қаражат жинаған. Ол Алматыдағы Алматы Аренада Алматы-Эне жобасын өткізбекші болған, бірақ іс-шара толыққанды жүзеге аспаған. Десе де 105 144 750 теңге қаражат жиналған.

Қаражаттың жұмсалу бағыттары былай бөлінген:

Оның ішінде:

Бұдан бөлек, заңды табыс көзі болмаса да, Қайрат өз анасын қаржылай қолдап отырған. Мәселен, Алашбаеваның Kaspi Bank шотына 37 113 000 теңге аударылған.

Айта кетейік, сот отырысында БАҚ өкілдерінің қатысуына тыйым салынған. Сонымен қатар, Қайраттың жоғары білімі жоқ екені де сот барысында белгілі болды.

Еске сала кетейік, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева мүгедек балаларға, су тасқыны мен Таяу Шығыстағы қақтығыстардан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында жиналған 3 миллиард теңгеге жуық қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр.

Тэгтер:

Перизат Қайрат