Рамзан Қадыров Шешенстан спортшыларына жағымсыз жаңалықты хабарлады

Бүгін, 12:27 / Ахмет Қанатұлы
vk.com/ramzan. Суретте: Рамзан Қадыров

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров АСА 189 турнирінде шешен спортшыларының көрсеткен өнеріне наразы болған. Бұл туралы АСА лигасының президенті Магомед Бибулатов MMA.Metaratings.ru басылымына айтып берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Басылымның жазуынша, турнир өткен аптада болған. Шешен спортшылары АСА 189 турнирінің басты кардында жекпе-жек өткізген.

"АСА 189 турнирінде біз арнайы түрде Шешенстаннан шыққан спортшыларды басты кардқа қойдық. Өзімнің жұмысымды орындадым: алаңды таптым, қарсыластарды ұйымдастырдым, барлық тараппен келісімге келдім.

Жекпе-жектер қызықты өтті, бірақ басты кард күткендей нәтиже бермеді. Бұл тек менің пікірім емес. Бұл – Шешенстан басшысының да пікірі. Рамзан Қадыров спортшылардың өнеріне тәнті болмады. Ол оларға қаншама жағдай жасап отырғанын бәрі біледі. Сондықтан бар күштерін салу керек еді", – деді Магомед Бибулатов.

Айта кетейік, АСА-ММА порталының хабарлауынша, АСА 189 турнирі 2025 жылдың наурыз айында қайтыс болған үш дүркін Олимпиада чемпионы Бувайсар Сайтиевтің рухына арналған болатын.

Турнир жеңімпаздарына 5 мыңнан (шамамен 6 миллион теңге) 100 мың долларға (шамамен 52 миллион теңге) дейін сыйақы берілген.

Тэгтер:

ММА Рамзан Қадыров Шешенстан шешен