Миллиардтаған ақшаны жымқырды делінген Перизат Қайраттың орта білімі жоқ болып шықты

14 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
instagram/01pk. Суретте: Перизат Қайрат

2025 жылғы 14 шілдеде Перизат Қайратқа қатысты сот процесі айыптау актісін оқудан басталды.

Тергеу материалдарына сүйенсек, Перизат Қайратта толық орта білім жоқ. Ол 2018 жылы Haluk қоры мен birgemiz.kz платформасын құрған. Бұл бастама пандемия кезінде кеңінен танылып, "Біз біргеміз" ұранымен әлеуметтік желілерде белсенді насихатталған.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, осы ұрандарды пайдалана отырып, қайырымдылыққа жиналған қаражаттың едәуір бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырылып, басқа мақсаттарға жұмсалған. Анық көріну үшін қаржының бір бөлігі расымен де көмекке мұқтаж адамдарға бағытталған. Алайда тергеушілер мұны шынайылықтың көрінісі емес, жұрт көзіне жақсы көріну үшін жасалған әрекет деп бағалайды.

Сонымен қатар, бұл іске Перизат Қайраттың туыстары мен жақындарының қатысы болуы мүмкін деген күдік те айтылды. Олар жиналған қаржыны заңдастыруға көмектесті деген болжам бар.

Тергеу Перизаттың өзін медиа мен әлеуметтік желілерде бизнесвумен ретінде белсенді таныстырып, жеке беделін қалыптастырумен де айналысқанын атап өтті.

Тэгтер:

Перизат Қайрат