"Келін құтты болсын": танымал журналист Гүлмира Дайрабаева құдағи атанды (ВИДЕО)

14 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
SN.kz

Танымал тележүргізуші Гүлмира Дайрабаеваның ұлы, блогер Артур отау тігіп, ел назарын аударды.

Алматының қақ ортасында өткен салтанатты тойға отандық шоу-бизнес өкілдері мен танымал блогерлер жиналды. Кеш қонақтары әлеуметтік желіде жылы лебіздерін білдіріп, фото-видеолармен бөлісіп жатыр.

Салтанатты шарада Роза Рымбаева, Тамара Асар, Сәкен Майғазиев, Айгүл Қосанова сынды елге танымал өнер иелері бой көрсетті.

«Келін құтты болсын», – деп жазды әнші Айгүл Қосанова.

Ал Тамара Асар тойды жоғары бағалап, ұйымдастыру мен безендірілуінің ерекше екенін атап өтті.

Тэгтер:

Гүлмира Дайрабаева