Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай тағы бір жауапты қызметке ие болды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Енді ол Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру жөніндегі комиссиясының директоры қызметін қоғамдық негізде атқаратын болды.
Бұл туралы Руслан Желдібай өзі Facebook парақшасында хабарлады.
"Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Дегенмен, шешілмеген мәселелер де аз емес. Әсіресе, арнайы академия мен өңірлік орталықтар ашу қажеттілігі туындап отыр. Халықаралық ынтымақтастықты да күшейтеміз. Осы іске барынша үлес қосуға тырысамын", – деп жазды Желдібай.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті – Қуанышбек Есекеев, ол сонымен қатар Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметін де атқарады.