"Мені немесе оларды таңда": Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі бұрынғы күйеуінің талабы туралы айтты

13 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Azattyq Rýhy коллажы. Суретте: Тұрсын Алагөзов пен Ляйсира Марат

Белгілі кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі Ляйсира Марат өз өміріндегі бір ауыр кезең жайлы Instagram парақшасында бөлісті. Оның айтуынша, бұрынғы жұбайы ажырасқан құрбыларымен араласуға қатаң тыйым салған.

Ляйсираның айтуынша, күйеуі оған таңдау қойып, достарынан бас тартуын талап еткен:

"Бір кездері мен өзімнің ажырасқан құрбыларыммен араласуды доғаруға мәжбүр болдым. Себебі жолдасым: "Олармен араласуға болмайды, бұл ұят нәрсе” деп кесіп айтты. Ол тіпті: "Мені немесе оларды таңдайсың" деп шарт қойды. Мен сол кезде оны таңдадым", – дейді Ляйсира.

Ол сол уақытта өз мүддесін екінші орынға ысырып қойғанын мойындап, бұл шешімінің салдары ауыр тигенін жасырмады:

"Сөйтіп, мен бірінші кезекте өзімді жоғалтып алдым. Ажырасқаннан кейін қайтадан өзімді таптым, өзімді жақсы көре бастадым. Сол кезде мені шын қолдап жүрген, бақытты өмір сүріп жатқан құрбыларыма сатқындық жасағанымды түсіндім. Уақыт өте келе, олардан кешірім сұрап, ара-қатынасымызды қайта жалғадым", – деп жазды ол.

Тэгтер:

Тұрсын Алагөзов Ляйсира Марат