Танымал испан модель әрі биші, футболшы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригес Instagram парақшасында сәнді яхтадағы демалыс сәттерінен ашық фотоларын бөлісті, деп хабарлайды Sportinside.kz.
31 жастағы Джорджина Instagram-дағы 67,2 миллион жазылушысына әсерлі суреттерін көрсетті. Ол ашық киімдерін киіп, керемет мүсінін паш етті. Әшекей ретінде жарқыраған алқа таққан.
Тағы бір суретте Джорджина мен Криштиану теңіз көрінісінің аясында бассейнде түскен. Джорджина қызыл түсті бикини мен ақ бас киім киген.
Жарияланған пост 3 миллионнан астам лайк жинап, оқырмандар жағымды пікірлерін жаудырды: "Қуыршақтайсың", "Әлемдегі ең әдемі суреттер", "Бақытты әйел", "Сен кереметсің", "Оны бақытты қыл", "Тамаша жұп".
Джорджина Роналдумен 2016 жылы Gucci дүкенінде кеңесші болып жұмыс істеп жүргенде танысқан. 2017 жылы олардың қызы Алана Мартина дүниеге келді.
2022 жылдың сәуірінде Джорджина егіз босанды. Өкінішке қарай, ұлы шетінеп кетті. Қызы аман қалып, оған Белла Эсмеральда есімі берілді. Жалпы, Роналдудың 4 баласы бар.