Танымал блогер, әнші Раймның бұрынғы сүйіктісі Наргиза Рамазанова ұзатылып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл қуанышты сәтін ол Instagram парақшасында бөлісті.
"Ұядан ұшқан күн", – деп жазды Наргиза желідегі жазбасында.
Әлеуметтік желі қолданушылары: "Бағыңыз ашылсын!", "Өзі сондай сұлу, нәзік, ақылына көркі сай қыз!", "Тек бақытты болыңыз!" – деген ізгі тілектерін жарыса жазып жатыр.
Наргизаның таңдауы – алматылық кәсіпкер Жәнібек Ерболатұлына түскен. Белгілі болғандай, ол бұған дейін отбасын құрған, бірақ ажырасқан.