Қазақстанның ең үздік шахматшысы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желіде өзіне жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
21 жастағы гроссмейстер директке жиі келетін хаттарға тоқталып өтті:
"Директімдегі ең көп сұрақтар: "Жігітің бар ма?", "Маған тұрмысқа шығасың ба?", "Егер мен сені шахматтан жеңсем, кездесуге барасың ба?". Меніңше, бұл сұрақтардың жауабын өздеріңіз-ақ білесіздер", – деп жазды Бибісара.
Бибісара Асаубаева – блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы және FIDE әлемдік рейтингінде үздік 12 ойыншының қатарына кіреді. Айта кетейік, бұл тізімде одан жоғары тұрған қазақстандық шахматшы жоқ.