"Мақтап жүрген серілерің осы ма?": Асылхан Төлеповтің әрекеті жұртты шулатты (ВИДЕО)

13 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
әлеуметтік желіден. Суретте: Асылхан Төлепов

Көпшілікке "Жау жүрек мың бала" фильміндегі батыр Сартайдың бейнесі арқылы кеңінен танылған актер Асылхан Төлеповтің сахнадағы қылығы желіде қызу талқыға түсті.

Әлеуметтік желіде тараған видеода актердің қызғылт жібек шорты киіп, сахнада бөксесін бұлғаңдатып билеген сәті түсіп қалған. Бұл әрекеті жұртты екіге бөлді: бірі өнер адамының еркіндігі десе, енді бірі бұл қылықты ерсі әрі сахнаға сай емес деп сынға алды.

Көпшілік оның салмақты, жігерлі Сартай образымен есте қалғанын айтып, қазіргі әрекетін соған мүлде үйлестіре алмай отырғандарын жасырмады.

Пікірлер арасында мынадай сөздер жазылды:

"Мақтап жүрген серілерің осы ма?"

"Сахна мәдениеті деген қайда қалды?"

"Бізге “Жау жүрек мың баладағы” Сартай батыр керек!"

"Қазақ сахнасында ерсі көрінеді"

"Сахнаны жын-ойнаққа айналдырды"

"Сахнаның сәнін кетірді".

Тэгтер:

Асылхан Төлепов