Журналист Айгүл Мүкей танымал блогер Елдос Калабок пен оның жұбайы Таңшолпан туралы маңызды дерек айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісіп, көпшілікті бейжай қалдырмады.
Журналистің жазуынша, Елдос пен Таңшолпан 10 жыл бойы сәби сүю бақытына жете алмаған. Ерлі-зайыптылар бедеулікпен күресіп, түрлі ем қабылдаған. Елдос бұл жағдайға байланысты бар шындықты жасырмай, көпшілік алдында өзінде мәселе болғанын ашық мойындаған.
"Блогер Елдос Калабоктың жаңалығы әлеуметтік желіні шулатты. Әйелі Таңшолпан екеуі 10 жылдан бері бедеу отбасы болды. Елдос сұхбатында проблема әйелінде емес, өзінде екенін айтты. Таңшолпан бедеу отбасыларға көмектесетін Ләйлә Сұлтанқызынан көмек сұрап, клиника бұл жұпқа көмектескен. Елдос шындықты айтудан қорықпаған ер адам. Бедеу отбасында проблема әйелден де, ерден де болады", – деп жазды Айгүл Мүкей.
Сондай-ақ, журналист қоғамда бедеулік мәселесі тек әйелге жабылатынын айтып, Елдостың әрекеті – нағыз ер-азаматқа тән жауапкершілік пен батылдық екенін атап өтті.
"Қоғам бірден әйел адамды кінәлайды. Бірақ Елдос проблема өзінде екенін бірден айтты. Ол ем жолдарын, күрестен өте білді. Көптеген ер адамдарға үміт сыйлады. Бұл әйеліне құрметтілік. Бедеулік ол үкім емес, оны шешуге болады. Ең бастысы – кінәңді мойындап, оны көтере білу", – деді ол.