«Мін іздегіштерге бірдеңе айтайын ба?..» – Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарына өткір жауап қатты

11 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал актриса әрі әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова өзін сынаған оқырмандарына ренішін білдірді.

Оның айтуынша, соңғы уақытта желідегі кейбір оқырмандар киім киісі мен сырт келбетіне қатысты ескерту жасап, өзін «ретке келтіруін» сұрап, түрлі пікір қалдырып жүр. Жұлдыз бұл сынға жауап ретінде Instagram парақшасында арнайы жазба жариялады.

«Қыздар, мін іздеушілерге бір нәрсе айтайын ба? Бірақ ренжіп қалмаңыздар. Өз ішіңізде мазалап жүрген дүниені өзгеден көру – ол сіздің ішкі күйіңіз. Демек, бұл өзіңізбен жұмыс істеуге белгі. Біреуге сөз айтқанда, оны бірінші кезекте өзіңіз естисіз, ал жазғанда – сол жазғаныңызды өзіңіз оқуға тиіссіз. Егер мені шын алаңдап жазсаңыз, айтайын – бір де бір жазба маған қатысты емес», – деп жазды Жұлдыз.