Белгілі әнші Мәдина Сәдуақасова отбасылық жағдайына байланысты соңғы кезде көпшіліктің назарында жүрген Мөлдір Мұқановаға қолдау білдірді.
Эстрада жұлдыздары Мәдина Сәдуақасова мен Мөлдір Мұқанова отбасыларымен бірге Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да киелі орындарды аралаған. Олар бұл сапарын Instagram парақшаларында бөлісіп, оқырмандарына әсерлі сәттерін көрсеткен.
Сол сәттердің бірінде Мәдина Сәдуақасова Мөлдір Мұқановамен бірге түскен суретін жариялап, оған жүрекжарды жазба арнады:
“Жаным, Мөлдір, бәрі жақсы болады. Қасиетті, киелі жерде тұрмыз. Барлық тілектеріміз қабыл болсын”, – деп жазды әнші.