Бокстан Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыда өзінің түрік құрбысымен демалып жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Үш дүркін әлем чемпионы деген атағы бар Назым Қызайбайдың Түркия бокс құрамасының мүшесі, Токио Олимпадасының чемпионы, үш дүркін әлем чемпионы Бусеназ Сюрменелимен жақын құрбы екені қалың көпшілікке белгілі. Назым Қызайбай Instagram желісіндегі ресми парақшасында сол құрбысымен бірге балықта жүргені туралы видеоны жариялады.
Еске сала кетейік, жақында Астанада өткен бокстан Әлем кубогында Назым Қызайбай алтын жүлде жеңіп алса, Бусеназ Сюрменели күмісті қанжығасына байлады.