"Бұл – масқара": әлемді мойындатқан самбошы 20 жылдан бері аула сыпырып жүр (ВИДЕО)

10 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
1bol.kz. Суретте: Айсара Керімбекова

Қазақстандық спорттың аңыз тұлғасы, самбодан әлемге танылған Айсара Керімбекова қазіргі таңда қарапайым аула сыпырушы болып жұмыс істеп жүр. Ол – қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы Әлем кубогының иегері, деп Sportinside.kz тілшісі 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1965 жылы Алматы облысында дүниеге келген Айсара самбо және дзюдо спорт түрлерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы, КСРО және Азия чемпионаттарының жүлдегері, 1992 жылы еліміздің ең үздік он спортшысының қатарына енген.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Instagram желісіндегі парақшасында Айсара Керімбекованың қазіргі қиын тұрмысын көрсетті. Оның айтуынша, спорт ардагері 20 жылдан бері аула сыпырып, қара жұмыс істеп келеді.

"Сіздің қолыңызға сыпырғыш ұстап жүргеніңізді, қателеспесем, Серік Қонақбаев та, Дәулет Тұрлыханов та біледі", – дейді журналист.

"20 жылдай болды осылай жүргеніме. Осы жұмысты істеп жүрмін. Бере қой деп сұрауға да батпаймын. Заманбек Нұрқаділов ағама рахмет, жатқан жері жайлы болсын", – дейді Айсара Керімбекова көзіне жас алып.

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай Спорт және туризм министріне үндеу жолдап, ардагер спортшының ауыр жағдайына назар аударуға шақырды:

"Бұл – масқара! Бұл – ұлттық намысқа сын! Министрлер мінберден түспей жатыр, ал аңыз спортшы ауладан шықпай жүр. Қайдасың, Спорт және туризм министрі? Батырды бағаламаған елден қандай ұрпақ өседі? Ұят емес пе, ағайын?.." – деп жазды ол.

Айсара Керімбекованың жетістіктері:

Тэгтер:

чемпион Айсара Керімбекова самбоч