Демеу Жадыраев Олимпиададан кейінгі алғашқы жарысында бақ сынайды

10 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
Тұрар Қазанғапов, ҰОК. Суретте: Демеу Жадыраев

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев ұзақ үзілістен кейін ресми жарысқа қатыспақ. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Қонысбек Төкенов мәлімдеді, деп Sportinside.kz тілшісі Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Олимпиададан кейін ешқандай турнирге қатыспаған балуанның қай жарыста өнер көрсететіні де белгілі болды.

"Демеу қазір белсенді түрде жаттығып жатыр. Ол тамыз айында Германияның Дортмунд қаласында өтетін Гран-при жарысына қатысады. Сол додада оның қазіргі спорттық деңгейін бағалайтын боламыз.

Егер Жадыраев жақсы нәтиже көрсетсе, ол әлем чемпионатына үміткер ретінде қаралады. Ал нәтиже көңілден шықпаса, оны сол тізімге қоспаймыз", – деді бас бапкер.

Еске салайық, Демеу Жадыраев 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күресіп, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында күміс медаль иеленген болатын. Содан бері спортшы ешқандай жарысқа қатыспаған еді. Енді тамыз айында өтетін халықаралық турнир оның келесі үлкен додаларға жолдамасы болмақ.

Тэгтер:

күрес Олимпиада Демеу Жадыраев