Танымал әнші Алтынай Жорабаева қысқа әзірлік ретінде үй жағдайында компот жабу тәсілін көрсетті.
Өнер иесі Instagram парақшасында ата-анасынан үйренген қарапайым рецептпен компот дайындағанын айтты.
"Әкем мен Анамнан үйренген ең жеңіл әдіс – компот. Осы тәсілмен кез келген жемістен компот жасай беруге болады. Қантты салып жатқан сәті видеоға түсіп қалмапты. 2 литрге 200 грамм қант қостым. Видеоны мұқият қарап шығыңыздар. Себебі неше қайтара түсіндіріп жатсам да, сұрақ қойып жататындар аз емес. Актуалдыға қияр мен қызанақ жабу әдістерін де нақтылап жүктегенмін. Соған қарамастан, "қанша тұз?", "қанша қант?", "уксус бар ма?" деген сұрақтар толастамайды", – деп жазды әнші.
Алайда Жорабаеваның бұл бейнежазбасы оқырмандар арасында біраз сынға ұшырады.
"Оп-оңай істі қиындатып көрсетіп жатыр", "Білгішсініп кеткен екен", "Өзіміз бұлай жаппаймыз, әлдеқайда оңай жолдары бар", – деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.