"33 күн ауруханада жатып қайтыс болды": Бағым Мұхитденова марқұм күйеуін айтып, жылап қалды (ВИДЕО)

10 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы

Танымал музыкалық продюсер Бағым Мұхитденова өмірден өткен жолдасын еске алып, көзіне жас алды.

Өнер иесі сүйікті жарынан ойламаған жерден айырылғанын айтып, қайғылы сәтті тебіреніспен жеткізді.

"Күйеуімнің өкпесі қабынды. Ауруханаға барғысы келмейтін. Мен үнемі тексерілейік деп айтатынмын, бірақ ол "Жаңа жылдан кейін барамын" деп жүре берді. 2 қаңтарда жедел жәрдеммен алып кетті. Келесі күні оның жағдайы нашар екенін, ИВЛ аппаратына қосатындарын айтты. Осыдан кейін ұзақ күрес басталды. Осы жерде жездем Тұрсын Алагөзовке алғысым шексіз. Күйеуім 33 күн бойы аппаратта жатты. Тіпті өкпесін ауыстыру жайы да айтылды. Алайда денесі көтере алмады. Медициналық қызмет өте қымбат, мен де бай адам емеспін. Бірақ соңына дейін күрестік. Ақыры жеңіліс таптық. Тек 4 күн ауырып, ауруханаға түсті. Бәрі тез болды, түсініп те үлгермедік", – деді ол көзіне жас алып.